Кәсіподақтың есеп беру және қайта сайлау жиналыстары өтуде
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетіне 132 білім және ғылым қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары біріккен.
Есеп беру және қайта сайлау науханына аудандық кәсіподақ комитеті тыңғылықты дайындықпен келді. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілерімен 4 аймақтық семинар өткізілді.
Аудандық кәсіподақ комитеті атқару комитетінің кезекті мәжілісінде "Бастауыш кәсіподақ комитеттерінде есеп беру, қайта сайлау жиналыстарын өткізу туралы" мәселе қаралып, есеп беру жиналыстарының кестесі жасалды.
Барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары есеп беру жиналысына жан-жақты дайындалып, бес жылдағы істелінген жұмыстары жайлы есеп берді. Баяндамалары бейнебаян, сурет, диаграммалармен толықтырылып отырылды.
№28 түзеу үлгісіндегі балалар бақшасы, "Бала би", "Ертөстік", "Мерей" балалар бақшасы, Абай, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Абылайхан, №135, Шәкәрім, Яссауи, Айбергенов атындағы жалпы орта мектептері бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы есеп беру, қайта сайлау жиналыстары жоғары дәрежеде өтті.
Барлық есеп беру, қайта сайлау Жиналыстарына аудандық кәсіподақ комитетінің пленум мүшелері мен мамандары қатысып, қазіргі кәсіптік одақтардың көкейкесті мәселелері жайлы әңгіме жүргізді. Есеп беру, қайта сайлау жиналыстары 9 қараша күні аяқталады.
Аудандық кәсіподақ комитетінің XVIII конференциясы 8 желтоқсан 2018 жылы жоспарланған.
-
Фотографии
-