«Педагогикалық дебют-2018» байқауы Ескелді ауданында өтті
Ағымдағы жылдың 1 қараша күні Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ескелді аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті мен аудандық әдістемелік кабинетпен бірлесіп, жалпы орта білім беру мекемелерінің жас мамандарына арналған аудандық «Педагогикалық дебют-2018» байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты- жас ұстаздардың біліктілігі мен кәсіби іскерлігін шыңдау және әдістемелік қолдау көрсету.
Қатысушылар «Педагог мәртебесі» туралы эссе жазып, «Менің мамандығым - мұғалім» атты тақырыбында таныстырылым жасап, сабақ беретін пәндері туралы ықшамдап түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жарыста жүзден жүйрік шыққан Шестаков атындағы орта мектептің мұғалімі Жанар Жақыпова бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Бірінші орындарды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының педагог-логопеді Өкенова Әйгерім мен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің дене шынықтыру Бақытұлы Ернар еншіледі.
Екінші орынды – Қарабұлақ орта мектебінің шет тілі пәнінің мұғалімі Мадиева Арайлым Жұмабайқызы, Мелькомбинат негізгі орта мектебінің шет тілі пәнінің мұғалімі Байгалиев Абылай иеленді. Ал, Жетісу орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Жанар Бақытқызы, Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектебінің шет тілі пәнінің мұғалімі Кенешова Ляззат, Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тасырова Айдана үшінші орынды қанжығаларына байлады.
Жеңімпаздар аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Адия Хафизқызы мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтарын табыс етті. Қалған қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша сыйлықтармен марапатталды.
Гүлнар Байсақалова,Білім және ғылым қызметкерлері
Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің есепшісі
-
Фотографии
-