Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кәсіподақ белсенділерімен дөңгелек үстелі өтті
Ағымдағы жылдың 26 қазанында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағында кәсіподақ белсенділерімен Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шараға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аудандық, бастауыш кәсіподақ төрағалары мен білім саласының «Жастар» кеңесінің мүшелері және арнайы шақырумен Батыс Қазақстан облыстық «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Салықов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шалқыма Құрманалина және білім беру саласының ардагерлері Василий Баев пен Күншығар Ильясов қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы М.Даупаевтың «Елбасы Жолдауы алға жетелейді» тақырыбындағы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру институты» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы және Жастар комитетінің төрағасы И.Бадақованың «Жастарға жол сілтеген Жолдау» тақырыбындағы және Бөрлі аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ә.Имашеваның «Рост благосостояние Казахстанцев: повышение доходов и качества жизни» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.
Шара соңында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы М.Даупаев Президент Жолдауында келтірілген алға қойылған міндеттерді басшылыққа ала отырып, тыңғылықты еңбек етіп, үлкен жауапкершілікпен үлес қосуға шақырды.
-
Фотографии
-