Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының облыстық білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен кезекті жиыны өтті
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының облыстық білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен кезекті отырысты, Кәсіподақ төрайымы Тарбия Баймбетованың төрағалығымен өтті.
Жиында, облыстық білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, жастар кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Кәсіподақ ұйымдарындағы Елбасы Н. А. Назарбаевтың: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауындағы міндеттемелер және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясы ХХV съезінің қорытындысы туралы, Кәсіподақ төрайымы Тарбия Баймбетованың баяндамасы тыңдалды;
Екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы «Педпгог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланды, бұл мәселеде жиын қатысушылары өз ұсыныстарын білдіре отырып, кәсіби дәрежелерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Сонымен бірге, Республикалық жастар кәсіподағы Кеңесінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып түсіндірілді.
Астана қаласында ағымдағы жылдың 22-23 қараша күндері өтетін, Тұңғыш Президент күніне арналған VІ Жастар форумына дайындық және облыстан қатысатын жас кәсіподақ белсенділері анықталды.
Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.
Маңғыстау облыстық кәсіподағы ұйымының маманыА. Б. Аманиязова
-
Фотографии
-