Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің Пленумы өтті
2018 жылдың 25 қазанында Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығының мәжіліс залында білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің Пленумы өтті. Күн тәртібінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау, Жолдауға байланысты кісіподақ мүшелерінің әлеуметтік тұрмыс сапасын арттыру бойынша жоспарларды іске асыру, Тайынша аудандық кәсіподақ комитетінің білім саласындағы жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту жұмысы туралы сұрақтар қаралды.
Жолдауды іске асырудағы кәсіподақ ұйымдарының алға қойған мақсаттары бойынша : білім беру сапасын дамыту, педагогтердің мәртебесін арттыруды іске асыру кәсіподақ ұйымдарының басты мақсаты болып есептелсін, келісім шарт пен ұжымдық шарттарды жасауда жұмысшы жастар мен студенттердің әлеуметтік – еңбек құқықтарын қамтамасыз етсін, облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері жиналыстарда, кәсіподақ активтерінде, білім беру ұйымдарында Елбасы қойған мақсаттарды түсіндіру жұмыстарын жалғастырсын деген шешім қабылданды.
Пленумның соңында қарт адамдарды қолдау айлығы қортындыланып, білім саласында және кәсіподақта сіңірген көпжылдық адал еңбектері үшін облыстық комитеттің төрағасы Назымбек Кенжебайұлы кәсіподақ ардагерлері Ж.У. Жанкарашеваға, Т.В. Зюзьге, Ф.М. Жакеноваға, С.Г. Леденцоваға отбастарына татулық, амандық тілеп, алғысын білдірді, кеуделеріне «Еңбек ардагері» медалін тағып, гүл шоқтарын тарту етті.
СҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
комитетінің бас маманы Ж.Базарбаев
-
Фотографии
-