Техникалық инспекторларға арналған семинар өтті
Білім және ғылым қызметкерлері Текелі қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғау» тақырыбында семинар өтті.
Шарада Текелі қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Асан Тұрсынғалиев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына тоқталып, онда көрсетілген барлық бастамалар елдің тұрмысын жақсартуға арналғандығын жеткізіп, ұстаздардың мәртебесін көтеруге ерекше назар аударылғанын баса айтты.
Текелі қалалық техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау инспекторы Д.Серғазин баяндамасында еңбек инспекторының негізгі міндеттері мен құқықтарын кеңінен айтып, жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы қатынастың маңыздылығын атап өтті.
Семинарға қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Алдағы атқаратын жұмыстарын нақтылап, бірлесіп жұмыс жасайтындарын жеткізіп, ризашылықтарын айтып тарқасты.
А.Тұрсынғалиев
-
Фотографии
-