Елбасы Жолдауы білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарында қызу талқылануда
Елбасы Жолдауы білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарында қызу талқылануда. Президент «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында елдің басты байлығы адам болып табылатынын атап көрсетті. Елбасының адами капиталды басты байлық ретінде бағдарлауы мектептерге, ұстаздарға үлкен міндет жүктейді. Келесі жылы «Ұстаз мәртебесі туралы» заң қабылданатыны біздер мұғалімдер қауымы толық қолдаймыз. Әр азамат Елбасы жолдауындағы тапсырмаларын орындауда өзіндік үлестерін қосу қажеттігі және біз үшін жолдау қашан да маңызды екендігі туралы Президенттің жолдауында айтылған негізгі міндеттерді түсіндіру мақсатында Зайсан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өткізген семинарда кеңінен талқыланды. Семинарға барлық мектептердің, балабақша басшылары мен кәсіподақ жетекшілері қатысты. Аудандық кәсіподақ ұйымынң төрағасы Қ.Е. Сайранов Елбасының биылғы жолдауы туралы баяндама жасады.
С.Серікбаева - Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының
Атқару комитеті мүшесі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
-
Фотографии
-