Түркістан облысы Сайрам ауданында тақырыбында семинар болып өтті
Түркістан облысы Сайрам ауданында білім беру мекемелері және балабақшаларының қатысуымен еңбекті қорғау бойынша «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жұмыс барысында қолданылатын негізгі баптары туралы. Мекемедегі жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссияларының жұмысы туралы», «Білім мекемелердегі Ұжымдық шарт туралы» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинарға облыстық мемлекеттік инспекторы К.Асилбеков, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшының орынбасары - Н.Сапарбаев, Аудандық кәсіподақ комитетінің төраға кеңесшісі - С.Сейдалиева, бала бақша меңгерушілері, мектеп кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.
Облыстық еңбекті қорғау мемлекеттік инспекторы К.Асильбеков ҚР Еңбек кодексіндегі жұмыс барысында қолданылатын жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату тәртібі туралы , тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімдері туралы, жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасату, өзгерту және кез келген толықтырулар туралы толық мәлімет берді. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмыскерді лауазымдық міндеттерімен, мекеменің Еңбек тәртіптемесімен таныстырып, еңбек қауіпсіздігі нұсқаулықтармен таныстыру қажеттігі туралы айтылды. Мекемедегі Еңбек тәртіптемесі, еңбек тәртібі , ұжымда келісу комиссиясын құру және оның жұмысын қалыптастыру туралы айтты. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы түсіндірме берілді.
Семинар жұмысын әрі қарай С.Сейдалиева жалғастырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына байланысты атқарылатын міндеттерге тоқталды.Сонымен қатар мекемелердегі 2016-2018 жылдары арналған Ұжымдық шарттың орындалуы, 2019-2021 жылдарына арналған Ұжымдық шарттар туралы мәлімет берді.
Артынша, жұмысқа қабылданғаннан кейін қанша уақыттан кейін еңбек демалысына шығуға болатынын, ақысыз демалысты қай уақытқа дейін созуға болатынын, келісу комиссияны құру тәртібі туралы,т.б.толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сұрақтар қойылды.Сұрақтардың барлығына толыққанды жауаптар берілді.
-
Фотографии
-