ОРАЛ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНДА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА ҰЖЫММЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
Орал политехникалық колледжінің акт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауын насихаттау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұжыммен жиналыс өткізді.
Жиналысқа өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар және кіші қызметкер (барлығы 65 адам) қатысты.
Ең алғаш сөзді колледж директоры Қ.Ж Қырықбаев алып, ұжымды Жолдаумен таныстырды.
Басқосу барысында бастауыш кәсіподақ төрайымы Ж.С.Нурахметова Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, ең маңызды тұстарын атап өтті. Сонымен қатар, тарих пәнінің оқытушысы Ж.С.Кадралиева орыс тілінде және Ш.Е Шахаев қазақ тілінде Жолдау мәтіні мен туындайтын міндеттер туралы баяндама жасады. Баяндама сонында тыңдаушылардың жолдауды іске асыруыдың ұсыныс – пікірлері тындалып талқыланды.
-
Фотографии
-