"Бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақ қозғалысының негізін қалаушы" тақырыбында семинар өтті
2018 жылдың 13-ші қазаны күні сағат 11.00-де "Кәусар" гимназиясының мәжіліс залында Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен. " Бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақ қозғалысының негізін қалаушы" тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына 190 тыңдаушы қатысты (кеңес мүшелері, жұмыс берушілер, бастауыш кәсіподақ ұйымының, төрағалары, аудандық білім бөлімінің мемлекеттік қызметшілері). Семинар жұмысы төмендегі бағыттарды қамтыды:.
1. "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". атты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың xалыққа арнаған жолдауына байланысты туындайтын міндеттер,
2. Есеп-беру және қайта сайлау жиналыстарын өткізудің талаптары мен міндеттері,
3. Жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу-өзекті мәселе.
1. Бірінші бағыт бойынша білім және ғылым қызметкерлері Ордабасы аудандық комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Ш.Т, М.Әуезов атындағы жом директоры Сапарымбет Д.Ш және А.Шерімқұлов атындағы жом БКҰ төрағасы Мырзанова А , кәсіподақ комитеті төрағасының кеңесшісі Маxанова З.С ,Арыс ауданы нөмірі 3-ші жом директоры Джеренова Р. О пікірлерін ортаға салды. Семинардың бірінші бағыты біткен соң "Кәусар" гимназиясының математика пәнінің мұғалімі-жас маман Раxымбай Гүлбибі семинар тыңдаушыларына адам ағзасының жұмысын жақсартуға ықпал ететін сергіту жаттығуларын жасатты!
2. Екінші бағыт бойынша. (Маxанова З.С) жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеуде жұмыс берушілердің және қоғамдық бақылау жасаудағы кәсіподақ жетекшілерінің атқаратын міндеттері туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ жемқорлық әрекеттердің алдын алу мақсатында қолданыстағы заңнамалардың білім саласына және жұмыскерлердің құқығын қорғауға қатысты бағыттары бойынша түсіндірмелер берілді.
3. Үшінші бағыт бойынша кәсіподақ комитетінің маманы Алтынбекова Э есеп-беру және қайта сайлау жиналыстарын сапалы өткізудің мақсаты мен маңызы және жауапкершілігі жөнінде нақты бағыттарды түсіндіріп, практикалық көмек көрсетті.
-
Фотографии
-