Түркістан облыстық білім кәсіподағы Елбасы жолдауын қолдайды
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің Түркістан қалалық кісіподақ комиитеті оқу әдістемелік орталығында кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Мәжілісте Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы жолдауын насихаттау және түсіндірме жүргізу жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының міндеттері туралы» мәселе қаралды.
Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі, облыстық және Түркістан қалалық кәсіподақ комитеттері аппарат қызметкерлері қатысты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек Елбасының Жолдауында айтылған мәселелер туралы айтып, білім салалына байланысты айтылған мәселелерге ерекше тоқталды:
Білім, ғылым салаларына жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің он пайызына дейін жеткізу;
Еңбек жағдайларын жақсарта отырып, тәрбиешілердің, балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау;
Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту;
Білім алудың қол жетміділігін арттыру мақсатында оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейілінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2012 жылдарға арналған бюджеттен қосымша елу миллиард теңге қарастыру;
«Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау туралы.
Педагогтардың мәртебесін көтеру, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайын жақсарту, ұстаздардың Заң тұрғысында қорғалуы бүгінгі жаңашыл ұстаздардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне жасалған ерекше жағдай деп қабылдаймыз. Ұстаздардың беделін көтеру – бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін ерекше мәселенің бірі болғандықтан Елбасы Жолдауын ұстаздар қауымы үлкен қуаныш, ілтипат және құрметпен қарсы алды.
Облыстық кәсіподақ активі Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазан күнгі Жолдауын насихаттау, түсіндірме жүргізу жөніндегі атқарылатын жұмыстарға тоқталып, міндеттерді айқындады. Қазіргі таңда кәсіподақ ұйымдарында өтіп жатқан есеп беру-сайлау жиналыстарында Жолдау туралы арнайы мәселе қарау ұсынылды.
-
Фотографии
-