«Ардақты ұстаз – асыл жан»
Еңбек күні – еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға, өндірістік қызметтерді ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарды насихаттау мен көпжылдық еңбек дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен «Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін әрекет күні» аталып өтуіне орай, Орал политехникалық колледжінде «Ардақты ұстаз, асыл жан!» тақырыбында колледж директоры Қанат Қырықбаевтың 63 жас мерей тойымен бірге еңбек жолындағы 45 жылдық шығармашылық кеші ұйымдастырылып өтті.
Колледж ұжымы мерейтой иесінің өмір жолдарынан бейне ролик дайындап, өздерінің құттықтау лебіздері мен арнау әндерін жолдап, кештің әсерлі өтуіне атсалысты.
Политехникалық колледждің директоры Қанат Қырықбаев көп жылғы еңбек тәжірибесіндегі кездескен қиыншылықтар мен қызықтарын еске ала отырып, бүгінгі күнгі еңбек нарығындағы жоғары сұранысқа ие мамандар даярлауда жан – жақты біліктілігін шыңдап, сапалы білім беріп отырған ұстаздар қауымына және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаевтың атынан арнайы құттықтау үшін қатысып отырған кәсіподақ аппаратының бас мамандарына өз ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Марина Темиргалиева колледж ұжымын кәсіби техникалық білім беру күнімен құттықтап, туған күн иесіне гүл шоғын мен заттай сыйлық табыс етті.
Батыс Қазақстан облыстық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы
Гулжанат Курмангазиева
-
Фотографии
-