«Ұстаздарға нық сенім ұялатты»
Ағымдағы жылдың 10 қазан күні облыстық аппарат қызметкерлері, аумақтық кәсіподақ ұйымымымен және филиалдардың бастауыш кәсіподақ төрағалары, кәсіподақ қозғалысының белсенділерімен Елбасы Жолдауы бойынша жиын болып өтті.
Жиында “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы” ҚБ-нің төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбековна, Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауымен таныстырды. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл - ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.
Жолдауда Елбасы барлық саланы кеңінен айта келе, атқарылған жұмыстарға сәйкес басшылықтарға тапсырмалар беріп, соның ішінде білім саласына көбірек тоқталғанын атап өтті. Елбасы білім саласын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделу керектігін атап өтті. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды деді.
Бұл оқытудың жек бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ білім саласындағы өзекті мәселелерді айта отырып, осы бағытта атқарылар жұмыстардың тізімін тізді.
Елбасы 2019-2021 жылдары білім берудің қолжетімділігін арттыруға республикалық бюджеттен 50 млрд. Теңге бөлуді тапсырды. Осы бөлінетін қаржы аясында үш ауысымды мектептер мен мектептегі оқушы орындарының тапшылығы жойылады. Жолдауда Елбасы ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру мақсатында педагог мәртебесі туралы заңды әзірлеп, қабылдау қажет екендігін атады. Аталған құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс.
Бұл құжат ұстаздар қауымын қуантты. Педагогика саласының қызметкері ретінде, әрине, бюджеттік сала өкілдерінің жалақысы 35 пайызға өсетіні туралы жаңалық елең еткізді. Білім саласындағы реформалардың сапасына баса мән берілетіні өте маңызды шешім деп білемін.
Мұғалім мәртебесін айқындайтын заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерін қарастырады. Ұстаздардың жүктемесі қысқартылып, қызметтен тыс тексерістерден арылса, өздерінің негізгі міндеттерін мүдірмей орындайтындығы анық.
Елбасы Жолдауында мұғалімдерге бүгінгі таңда барлық жұмыс жүктеле беретінін дөп басып айтты. Барлық оң бастамаларды қолдап, берілген жұмыстарды бірге атқаруға шақырамын. Елбасы Жолдауы тың серпіліс береді, ол елдің баянды келешегіне деген сенім ұялатты. Ұстаздарды аталған жағымды жаңалықтарымен шын жүректен құттықтаймын.
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы” ҚБ-нің хатшысы
-
Фотографии
-