Мың рақмет, Ұстаз-мұғалім!
Қызылорда облысының әкімдігінде Ұстаздар мерекесі аясында салтанатты шара өтті. Шарада облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы білім беру саласында сапалы еңбек етіп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосқан сүбелі үлесі үшін бірқатар ұстаздарды кәсіби мерекесімен марапаттады.Өз сөзінде «Ұстаздар – мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде» екенін айтып өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы шығармашылықпен айналысып, жоғары деңгейде жұмыс жасаған ұрпақ тәрбиесінде еселі еңбегін аямайтын, жұмысының жемісін көріп, шаршамай еңбек етіп жүрген ұстаздарды құттықтады. Шараға «Нұр отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, облыстық білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансүрқызы қатысты.
Сонымен қатар шарада шығармашылықпен айналысып, жоғары жетістікке жеткен ұстаздарға Жумабекова Ляззат Жолдасқызына- Жаңақорған ауданы №163 жалпы орта мектебінің және Кунарова Жанна Куспангалиқызына Арал ауданы №14 мектеп-лицейінің мұғалімдеріне шебер-педагог категориясына куәлік табысталды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының маманы
З.Жаппарбергенова
-
Фотографии
-