Жолдауды кәсіподақ мүшелері қолдайды
Жақында Елбасы Н.Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі; табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауы жарияланды.
Бұл бастамада әр сала қамтылып, нақты тапсырмалар берілді.
Оның ішінде адами капиталға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, білім және денсаулық саласын дамуына шаралар жүргізуді Үкіметке міндеттеді.
Мемлекеттің дамуы халықтың әл-ауқаты мен тұрмысының жақсаруына байланысты 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарында жұмыс істейтін және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің табысын өсіруді тапсырды.
Келесі жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды әзірлеп, қабылдауды ұсынды. Бұл заң мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық істерді қарастырып, жөнсіз тексерулерді азайтып, ұстаздардың жүктемесінің қысқартылуын, әртүрлі қосымша ақы төленбейтін жұмыстардан босатылуын, олардың өз сабақтарын өткізу үшін уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін баса айтты. Бұл барлық білім саласында қызмет еткен педагогтардың еңбегіне деген жауапкершіліктерін арттыратыны сөзсіз.
Қазіргі кезде білім беру саласындағы еңгізіліп жатқан жаңашылдықтардың маңыздылығына тоқтала отырып, Елбасы мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту мен осы саланың қызметкерлерінің біліктілік талаптарын арттыру, еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауында жастарды қолдау туралы айтылып, 2019 жылды "Жастар жылы" ретінде жариялауы ерекше әсер етті. Бұл болашағымыөз жастарға жаңа серпін беріп, үлкен мүмкіндік берілгенінің айғағы.
Білім саласының қызметкерлері Елбасының халыққа арнаған Жолдауын елдің өркендеуі мен әл-ауқатының өсуінің негізгі құжаты ретінде қабылдап, қолдау білдірмек.
Дина Нусипова,Білім және ғылым қызметкерлерінің
Көксу аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы
-
Фотографии
-