Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ұстаздар мерекесі
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» - демекші, шәкірттерінің ыстық ықласына бөленіп жүрген асыл ұстаздар қаншама!
Көрнекті педагог, ақын М.Жұмабаев «Алты алаштың басын қосса, ең құрметті орын мұғалімідікі»-деп, мәртебелі мамандықтың кезінде мерейі үстем болғандығын айтқан болатын. Өйткені, мұғалім – болашақ ұрпақтың бағыбаны, жаныңа жарық сәуле сеуіп, көкірек көзін нұрландырушы, бала бойына білім мен тәрбие сіңіруші.
Ұстаз еңбегі оңай емес, «Инемен құдық қазғандай» ұстаздықты екінің бірі арқалап жүре алмайды. Әр күн сайын, іздену, еңбектену, білімін толықтыру, уақытпен есептеспеу бейнетқор жандардың тіршілігін көрсетеді. Сондай қызығы мен қиындығы мол ұстаздық қызметте жүрген ұстаздардың төл меркесі ауданда ерекше қуанышпен атап өтілді. Аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиынға аудан әкімі Т.Қасымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Д.Ыдырышов, аудандық «Нұр Отан» саяси партия жетекшісі М.Қайрақова аудандық ішкі саясат жетекшісі З.Дуйсенбаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Қалибаев, аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Сайранов арнайы қатысып, аудан ұстаздарын мерекесімен құттықтап, әннен шашу шашылып, жеткен жетістіктерге тоқталып, көптеген мұғалімдерге аудандық, облыстық марапаттар тапсырылды. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Сайранов елбасының ұстаздарға деген көрсетілетін құрметіне тоқталып, яғни мұғалім статусы туралы заң жобасының әзірленуі, қаңтар айынан 35 % еңбекақының өсуі жайлы. Зейнеткерлікке шығатын ұстаздар да назардан тыс қалған жоқ. Мерекелік дастарханға шақырылып, ізгі тілектерін жолдап, алғыстарын жеткізді. Мерекелік шара мектеп ұжымдарында жалғасын тапты.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық
кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мүшесі,
М.Дәуленов мектеп-интернатының кәсіподақ
комитетінің төрайымыС.Серикбаева
-
Фотографии
-