Ұстаз болу жүректің батырлығы!
Қазан айының 5-і күні Жетісай ауданында Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты шара өтті Аудан орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен салтанатты жиынға аудан басшылары мен ардагерлер, ұстаздар қауымы қатысты. Білім саласы қызметкерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Ж.Бейсенбаев арнайы қатысып, айтулы мерекемен ұстаздарды құттықтады. Сонымен қатар, жиынға аудандық мәслихат хатшысы Ә.Утанов пен аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасовтар қатысып, ардақты мамандық иелеріне ізгі тілектерін білдірді.
Арнайы жиында аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Мырзалиев пен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Ниязбековтер құттықтауларын жолдап, ұстаздардың төл мерекесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен», аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен», сондай-ақ «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісі және Құрмет грамотасымен, аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатталушы ұстаздарға аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара барысында білім мекемелерініңұстаздары мен өнерлі оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынып, ұстаздарға деген құрметтерін көрсетті. Айтулы мерекеде ұстаздар қауымы туралы айшықты жырлар мен ізгі тілектер оқылып, ардақты мамандық иелеріне арналды.
Ұстаздардың төл мерекесі – Мұғалімдер күні білім мекемелерінде де ерекше атап өтіліп, концерттік бағдарлама мен сазды-танымдық кештер, дөңгелек үстел мен спорттық-мәдени іс-шара түріндегі түрлі жиындар ұйымдастырылып, ұстаз есімі ұлағатталды, ізгі мамандық иелеріне құрмет көрсетілді.
-
Фотографии
-