Түркістан облыстық кәсіподақтар, Елбасы Н.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» жолдауын талқылады
06.10.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы, облыстық салалық кәсіподақ комитеттері, кәсіподақ ардагерлері, кәсіподақ белсенділері және кәсіподақ жастары жалпы саны 350 адам қатысып, Елбасы Н.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» жолдауын талқылады.
Елбасы үндеуі қашанда ел көңілінен шығып жатса, онда елі үшін қызмет етіп отырғандығының белгісі. Осы ретте әдеттегідей, биыл да Елбасымыз жұртшылыққа арналған жолдауын жария етті. Онда елдің әлеуметтік саласын, білім беру мен денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінгендігін көреміз. Өз кезегінде баяндама жасаған облыстық кәсіподақтар орталығының орынбасары Серік Әуесханов жолдаудағы басты мәселелерге тоқталып,қосымша түсіндірме беріп өтті.Жарыс сөзге шыққан кәсіподақ ардагері Досыбай Шерімқұлов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлжан Айберова және Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің 2-курс студенті Керімбек Аманғали жолдаудағы мұғалімдерге, жастарға, еліміздегі білімге, ғылымға деген елбасымыздың сөздерін қолдап, ризашылықтарын білдірді. Жолдау әрбір тұлға жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға бастайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев болашағына сенімді, азаматтық мақсаты анық елде ғана толыққанды мемлекет құрылатынына сенім білдірді. Ол үшін өз бойымызда және өскелең ұрпақ бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу өзекті мәселе екенін алға тартты. Жиыналған барша кәсіподақ белсенділері «Кәсіподақтар елбасы жолдауын қолдайды» деген ұранмен тарқасты.
-
Фотографии
-