КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының Жарғысына сәйкес қыркүйек айында өткен Атқару комитеті Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының кезекті VІІІ Пленумын шақырған болатын. Кәсіподақтың басқару органдарының сайланбалы мүшелерінің толық құрамдағы отырысы, яғни Пленум қыркүйек айының 27 күні Кәсіподақ үйінде өтті. Алқалы басқосуға Пленум мүшелері, олардың қатарында – Филиал төрағалары, жұмыс берушілер өкілдері, сала ардагерлері мен кәсіподақ мүшелері,барлығы 49 адам қатысты.
Пленум мүшелері күн тәртібіндегі негізгі сұрақ - Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымында есеп беру және сайлауды өткізу туралы мәселені талқылады. Талқылай келе Пленум қаулысына сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ топтарында есеп беру-сайлау науқаны 2018 жылдың қазан-қараша айларында, кәсіподақ Филиалдарындағы есеп беру-сайлау конференциялары 2018 жылғы 26 қараша мен 14 желтоқсан аралығында, ал Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының кезекті ХІIІ есеп беру-сайлау Конференциясы 2018 жылдың 25 желтоқсанына шақырылды. Сондай-ақ, аталған жиында облыстық конференцияның күн тәртібі көпшілік назарына ұсынылып, бекітілді. Конференцияға кәсіптік одақтың әр 500 мүшесінен 1 делегат сайланатын болып, келісілді. Сонымен бірге, облыстық есеп беру-сайлау конференциясын дайындау мен өткізу жөнінде Ұйымдастыру комитеті жасақталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Кәсіподақтың Жамбыл облыстық Комитетінің құрамына өзгерістер енгізіліп, бір Пленум мүшесі Филиалдың ұсынысы бойынша өзгертілді. Жиын соңында Қаулы қабылданып, оған сәйкес облыстық ұйым мен Филиал мәртебесіндегі комитеттерге бірқатар жауапкершіліктер мен міндеттер жүктелді.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-