Ұстаздарға құрмет көрсетілді
Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында Алматы облысы әкімдігі ғимаратының мәжіс залында «Ұстаз аты-ұлы әрі мәңгілік» атты тақырыпта салтанатты шара өтті.
Оған Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов, білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров және барлық аудандардан келген ұстаздар қатысты.
Шара барысында мекеме басшылары құттықтауларын жеткізсе, ел болашағы жас жеткіншектердің бойына білім мен тәрбинені, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, ұзақ жылдар білім саласында қызмет еткен 80-нен астам ұстазға түрлі марапаттар табысталды. Оның ішінде қоғамдық жұмысқа белсене араласып, кәсіподақтың дамуына үлес қосқан азаматтада бар.
Атап айтсақ, Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Нұрсапаұлы білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитеті жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Молот Мұсаұлына «Еңбек ардагері» медалін, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің директоры Еркінбек Қояновқа «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.
Сонымен қатар, Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының құрмет грамотасымен Ескелді, Көксу аудандары мен Текелі қаласының ұстаздары Қуат Есдәулетов, Жанар Фазилова, Әлия Байтасовалар марапатталды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-