КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ
Өткен аптаның аяғында №24 жалпы орта мектебінде орналасқанқалалықбілімжәне ғылым қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің кезекті семинары өтті. Қаламыздағыбіліммекемелерінің кәсіподақ ұйымы жетекшілерінің қатысуымен өткен басқосу түсіндірме жұмыстарына арналды.
Қалалықбілімжәне ғылым қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің төрағасы Диана Тұрманова семинарды алғысөзімен ашып, басқосудың мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтті. Осыдан кейінсеминардың негізгі кезеңі басталып, кеңестің маманы Фархат Дадабаев«Түркістан қалалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіподақ кеңесіне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есепберу – сайлау жиналыстарын өткізу» тақырыбы аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар, кеңестің заңгері Мағжан Есжан жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссияларының жұмысы және оны қалыптастырудың әдістемелік ұсыныстары туралы сөз қозғап, сала қызметкерлерімен жұмыс жасау тәртібімен таныстырды. Қос тақырыпқа байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.
Семинар отырысын қорытындылаған Диана Абайқызы мен төрағаның кеңесшісі Гүлжан Әсілбайқызы айтылған тақырыптарға байланысты өз ойларын жеткізіп, осындай басқосулардың бастауыш ұйым басшыларына берері мол екендігін тілге тиек етті.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева
-
Фотографии
-