Еңбек күні мерекесі аталып өтті
Түркістан облысы Кентау қаласы Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектепің спорт залында «Еңбек күні» мерекесі аталып өтті. 2013 жылдың 22 қарашасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып еңгізілген болатын.Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барлығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады. Кәсіподақтар- азаматтық қоғамның айнымас құрамдас бөлігі ретінде еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды өз қызметінің ең басты міндеті деп танып, мемлекеттің нығаюына нақты үлесін қосып келеді.Осы мереке кең ауқымда ұйымдастырылып барлық білім мекемелерінде аталып өтті. Еңбек ардагерлерін әр ұжымда тәрбие сағаттарына, мекеме ішілік іс-шараларға шақырып Еңбек адамының қоғамда алатын орны туралы өскелең ұрпаққа жеткізе білді. Іс-шаралардың соңы ардагерлерге деген сый-құрметке ұласып, жалғасын тапты. Осы іс-шаралардың қорытындысы ретінде «Біз еңбек ардагерлерін құрметтейміз» атты қалалық спартакиадаға (стол тенннисі, шахматтан) Кентау қаласы және Кентау қаласына қарасты ауылдардан 50 үміткер қатысты.
Шахмат ойынына 30 шахматшы қатысты.
І- орын Мухамедов Ержан шахмат үйірмесінің жетекшісі
ІІ-орын Лян Вячеслав шахмат үйірмесінің жетекшісі
ІІІ-орын Қыдырбаев Серік №2 Ш.Қанайұлы атындағы мектеп
Теннис ойынына 20 теннисші қатысты.
Кудретов Уткир -1962ж Ташанақ мектебі І-орын
Айтмаханов Сапарбай -1961ж №2 Ш.Қанайұлы ІІ-орын
Юлдашов Мадихан- 1963ж Ибата мектебі ІІІ- орын
Барлық қатысушылар қалалық кәсіподақ комитеті дайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өткізілген іс-шара барысы туралы жергілікті «Ғасыр» газетіне мақала берілді.
-
Фотографии
-