ХХІХ Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының есеп беру-сайлау конференциясы өтті
2018 жылдың 28 қыркүйек күні ХХІХ Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысының қонақтары ретінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Сулейменова болды.
Шара барысында Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының 2014-2018 жылдар аралығындағы жұмысы және алдағы мерзімге арналған негізгі іс-әрекет бағыттары туралы есебі және Облыстық кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясының есебі тыңдалды.
Жарыссөзде сөз сөйлеген делегаттар облыстық кәсіподақ ұйымының жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беріп, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасына Серікова Раушан Серікқызының кандидатурасын ұсынды. Сонымен қатар облыстық кәсіподақ комитетінің құрамын, облыстық кәсіподақ комитетінің төралқасын, облыстық комитетінің тексеру комиссиясын және Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясының кезектен тыс ХХV съезіне делегат сайлады.
Конференция жұмысына аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан сайланған 70 делегат қатысты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ