Сайлау алдындағы семинар
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жарғысының 7,8 тармағына, Түркістан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы атқару атқару комитетінің 28.02.2018 жылғы №10/4-1 қаулысына және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Сарыағаш аудандық комитеті атқару комитетінің 29 тамыз 2018 ж №23 қаулысына сәйкес білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық ұйымына кіретін барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру, сайлау жиналыстары 2018 жылдың қазан-қараша айларында өткізу жоспарланған.
Қыркүйек айында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерімен аймақтық семинарлар өткізілді.
Алғашқы семинар аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты мектепке дейінгі білім мекемелері кәсіподақ комитетінің жетекшілерімен өткізілген, семинарда есеп беру, сайлау жиналыстарын өткізу жөнінде нұсқаулықтармен, жарғылармен таныстырылды.
Есеп беру, сайлау жиналыстарына дайындық, есепті баяндаманы дайындау тәртібі, жиналысты жүргізу, хаттаманы рәсімдеу жайлы тыңдаушыларға құнды мәліметтер берілді.
Есеп беру, сайлау өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, жиналысты жүргізу тәртібі, хаттамалар үлгілері таратылып берілді.
Кейінгі семинарлар №136 және Төле би атындағы жалпы орта мектептерінің базасында өткізілді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков атқару комитетінің №23 қаулысымен таныстырып, есеп беру, және сайлау жиналыстарын өткізу кестесімен, ережелермен таныстырды. Есеп беру жиналысындағы "Есепті баяндаманы" дайындауда көңіл бөлетін мәселелерге тоқталды.
Семинарда кәсіподақ комитетінің мамандары Т.Көкетаев пен А.Аликулов есеп беру, сайлау жиналыстарына дайындық жасау, комитет қаулысын шығару, күн тәртібіндегі мәселелер, хаттамаларды толтыру жайлы әңгімелеп, тиісті ұсыныстар жасады.
Барлық семинар қатысушыларына нұсқаулықтар, ережелер, хаттамалар үлгілері таратылып берілді.
Семинар қатысушыларының ерекше көңіл бөлген құжаты - "Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің 2014-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы" Журналы болды. Журналда аудандық кәсіподақ комитетінің есепті мерзімдегі жұмысы көрсетілген. Журналда кәсіподақ мүшелерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өсу диаграммалары, әлеуметтік әріптестік жұмыстары, жұмыскерлердің еңбегін, құқығын қорғаудағы атқарылған жұмыстар, сауықтандыру, мәдени, спорттық іс-шаралар жайлы құнды материалдар түрлі-түсті суреттермен толықтырылған. Журнал көпшіліктің көңілінен шықты.
Семинарларда күн тәртібі бойынша құнды ұсыныстар қабылданды.
-
Фотографии
-