КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ – МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА
Жуырда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының біріккен мәжілісінде сөйлеген «Жетістіктерге жетелейтін жеті міндет» атты ел өмірін жақсартуға бағытталған басымдықтарды айқындаған бағдарламаны кеңінен насихаттау мақсатында Атырау облысы Кәсіподақтар ұйымының бірлестіктері мен бір топ салалық ұйым жетекшілері Махамбет ауданында іс сапармен болды. Оларды Махамбет ауданының әкімінің орынбасары М.Ж. Сейітқалиев қабылдап, ауданның бүгінгі саяси-экономикалық және мәдени дамуын қысқаша таныстырды. Осыдан кейін облыстан келген қонақтар аудан орталығындағы бірқатар ұжымды аралады. Кездесулерде «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ. Баймұханов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Сүндетұлы және т.б. сөз сөйлеп, бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатырған жұмыстарынан кеңірек сөз қозғады. Сондай-ақ, тыңдаушылар тарапынан болған ұсыныс-тілектерді жүзеге асыру мақсатында шара жасақталып, келер айда оның орындалысынан хабар берілетіні қаперге берілді.