Сайлануға - сай бол!
21.09.2018ж. күні Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған оқу-семинар болып өтті.
Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып беріп, семинарға қатысушыларға алдағы есеп беру қайта сайлау жиналыстарын өткізуде жауапкершілік танытып, тианақты дайындалып жоғарғы деңгейде өткізуді ұсынды.
Төраға орынбасары А. Абуов бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру қайта сайлау жиналыстарының өткізілу мерзімдерін, күндерін айтып, алдағы науқанда барлық төрағаларға еңбектерінде сәттілік тіледі.
Семинарда:
1. Кәсіподақ ұйымдарында есеп беру мен сайлауды өткізу туралы.
Абуов А. - облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары.
2. Кәсіподақ ұйымдарында есеп беру мен сайлауды өткізу жөніндегі
нұсқаулық.
Турманова А. - облыстық кәсіподақ комитетінің маманы.
3. Кәсіподақ ұйымдарында есеп беру мен сайлауды өткізге дайындық туралы.
Корганбаев Ж. - облыстық кәсіподақ комитетінің маманы.
4. Кәсіподақ ұйымдарында есеп беру мен сайлауды өткізуді жүргізу тәртібі
туралы.
Қилыбай Б. - облыстық кәсіподақ комитетінің маманы.
5. Семинардың жұмысын қорытындылау.
Еркінбек Б. - облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы.
тақырыптар қамтылды. Оқу –семинар барысында облыстық комитет қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарында есеп беру қайта сайлау жиналысын өткізу туралы толық түсіндіріп,семинар барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.Семинар соңында Жол- көлік колледжінің қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ешимов Р.А. облыстық кәсіподақ комитетінің ұжымына алғысын білдірп,алдағы болатын есеп беру қайта сайлау жиналысының қарсаңында ұйымдастырылған семинар өте орынды болғанын айтып оң бағасын берді.
-
Фотографии
-