Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды
17.09.2018 жылы жоспарға сәйкес Мұнайлы ауданы, №14 орта мектептің базасында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Маңғыстау облысы кәсіптік ұйымының төрайымы Т.А.Баймбетова жиналысты ашық деп жариялады. Жаңадан ашылған мектеп ұжымы жиналысқа уақытылы жиналды. Маңғыстау облыстық кәсіптік одағының төрайымы Т.А.Баймбетова жаңа ұжымға кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқығын қорғау мақсатында құрылған қоғамдық ұйым туралы түсінік берді. Кәсіподақ ұйымы ҚР Конституциясы, Еңбек Кодексі мен ҚР «Кәсіподақтары туралы» Заң негізінде өз қызметін іске асыратындығын, еңбек және әлеуметтік-экономикалық құықтары мен мүдделерін қорғау болып табыладығын, кез-келген мәселе бойынша мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымымен шешу жодарын меңгертті.
Ұжым арасынан сұрақ қойғандарға облыстық кәсіптік одағының қызметкерлердің құқығын қорғау жөніндегі бас маманы Наталья Станиславовна Храмова әрбір берілген сұрақтарға нақты әрі сапалы, заңды түрде жауап берді және жұмыс барысымен қатар жүретін лауазымдық міндеттерімен, құқықтарымен таныстырды. Жиналысқа қатысушылар көкейіндегі сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алды.
№14 орта мектеп ұжымынан кәсіподақ мүшелігіне мектеп директорының міндетін атқарушы Айнаш Орынбасарқызы Машанова және бастауыш сынып мұғалімі Баян Жеткізгенқызы Боранбаева өз өтініштерін берді. Маңғыстау облысы кәсіптік одағының төрайымы Т.А.Баймбетова алғаш кірген кәсіподақ мүшелері Машанова мен Боранбаеваға арнайы билет табыстады. Осы орайда ұжымның келісімімен Баян Жеткізгенқызы Боранбаева мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып бірауыздан сайланды. Облыстық кәсіптік одағының төрайымы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова жиналыс соңында жаңа төрайымға сәттілік тіледі.
Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалының төрайымы Рита Текеева
-
Фотографии
-