«ЕҢБЕГІМЕН ҰРПАҚҚА ҮЛГІ БОЛҒАН»
Бүгін Қызылорда білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитеті Қызылорда қаласының 200 жылдығына, Еңбек күні, Мұғалімдер күніне орай Қызылорда облысының ұстаз - ардагерлерін Түркістан облысы, Түлкібас ауданында орналасқан «Таң нұры» демалыс орталығына шығарып салу рәсімін өткізді.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ұрпағына ізеттігін аямайтын, бір қауымға бас-көз бола білген ұлағатты ардагер- ұстаздарға құрмет жасалды. Бұл бастама білім саласында ұзақ жыл еңбек етіп, Тәуелсіздік жылдарында білімді ұрпақ қалыптастыруға үлес қосқан, еңбегімен ұрпаққа үлгі болған ұстаздарға деген зор құрметті. Облыс бойынша демалысқа 100 ардагер-ұстазға жолдама берілді.
Шарада Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы - Байназарова Райкүл Мансұрқызы сөз алып, «Мұғалімнің шығармашылық еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік жағдайына назар аудару, белсене еңбек етуіне мүмкіндік туғызып, ұстазға рухани демеу болу – кәсіподақ ұйымының парызы екендігін уақыттың өзі дәлел.Сіздерге рухани күш жинайтын, жақсы көңіл күй сыйлайтын, замандастармен қауышатын әсерлі демалыс болғай», деді. Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы, қала әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлы ардагер-ұстаздарға ыстық тілектерін білдіріп, сәт-сапар тіледі. Ардагер-ұстаз Б.Қалназаров «Елге сәлем» әнін әріптестеріне паш етіп, сапар алдында жақсы көңіл-күй сыйлады.
Облыстық кәсіподақ ұйымының
төрайым орынбасары Г. Есқалиева
-
Фотографии
-