Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті мамандарымен семинар өтті
2018 жылғы 11 қыркүйек күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес, жаңадан сайланған аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына, облыстық кәсіподақ комитеті мамандарымен семинар өтті.
Семинар бағдарламасы:
1. Семинарға қатысушыларды тіркеу
Жастар кәсіподақты қолдайды! Бейнеролик.
2. Семинар жұмысының басталуы.
Еркінбек Б. - облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы.
3. Облыстық кәсіподақ комитетінің филлиалдар туралы Ереже,
«Бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы » Ереже.
Абуов А. - облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары.
4. Кәсіподақ қызметкерлерінің этикасы туралы. Кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысын өткізу туралы.
Ан А. - облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы.
5. Кәсіподақ қызметіне кепілдіктер беретін нормативтік-құқық актілер.
Корганбаев Ж. - облыстық кәсіподақ комитетінің маманы.
6. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіндегі кәсіподақ құжаттарын ресімдеу және кәсіподақ мүшелерін есепке алу тәртібі.
Турманова А. - облыстық кәсіподақ комитетінің маманы.
7. Кәсіподақ органдарындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудыұйымдастыру және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық.
Қилыбай Б. - облыстық кәсіподақ комитетінің маманы.
Семинар барысында төрағалар тарапынан сұрақтар қойылып,жауаптарберілді. Шымкент қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Л.Тургинбаева семинардың маңыздылығы, қажеттілігі жайында сөз қозғап, алдағы уақытта жалғасын таба берсін деп, облыстық кәсіподақ комитетінің басшылығына, мамандарына алғыс білдірді.
Семинар соңында, Халықаралық байланысты нығайту, ынтымақтастықты арттыру, ұйымдастыру жұмыстарында белсенділік көрсеткені үшін Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Д.Тұрманова, Сайрам аудандық комитетінің төрайымы М.Сейдалиева, Ордабасы аудандық комитет төрағасы Ә.Сәдірмекке алғыс хат табысталды.
-
Фотографии
-