Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің бірлескен мәжілісі
Түркістан облысы Ордабасы ауданы "Атамекен" жалпы орта мектебінің мәжіліс залында 95 білім беру ұйымының жұмыс берушілері мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының және аудандық кәсіподақ комитеті кеңесінің мүшелерінің қатысуымен 2018 жылдың 25 тамыз күні Ордабасы аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің бірлескен мәжілісі өткізілді. Мәжіліске аудандық жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар бөлімінің, аудандық xалыққа қызмет көрсету отралығының өкілдері, "Айғақ" телеарнасының тілшісі шақырылды. Бірлескен мәжілістін күн тәртібінде Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті арасында жасалған 2016-2018 жылдарға арналған Келісім талаптарының орындалуы туралы Тараптардың, яғни аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Т.Нұрабаева мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Ш.Сәдірмек есеп берді. Сонымен қатар, кәсіподақ комитетінің кеңесшісі З.С.Маханова Тараптар арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған Келісімді, Ұжымдық шартты қабылдауға дайындық жұмысының барысын баяндап, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында талқылау үшін жаңа шарт жобасын ұсынды. Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелерді Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің директоры М.Ы.Накипов, "Ақкөгершін" балабақшасының меңгерушісі Нарбек Г.Б. және Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің БКҰ-ның төрағасы А.Б.Қолдасовалар талқылап, «қанағаттанарлық» баға берді.
Бірлескен мәжіліске қатысушылар "Қызылжар" жалпы орта мектебінің директоры Амиров М., М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Сапарымбет Д., Тәукеxан атын. жом БКҰ-ның төрағасы Ибадулла А., С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі БКҰ-ның төрағасы Жетімекова А., "Хан Сұлтан" жекеменшік балабақшасының меңгерушісі Үйсінбаева З.И. тарапынан қойылған сұрақтарға баяндамашылар толық жауап берді.
Мәжіліс соңында 2017-2018 оқу жылында жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы түзілген Ұжымдық шарттың аясындағы ұжымның ахуалы мен оқу-тәрбие процесінің жетістіктері бойынша үздік 10 бастауыш кәсіподақ ұйымдары марапатталды.
-
Фотографии
-