Жетісу өңірінде оқыту семинарлары өтті
Жуырда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Кеңесінің 2018 жылдың 21 ақпанындағы № 4 п.2 Қаулысын орындау мақсатында Талдықорған аумақтық ұйымы Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарында «Кәсіподақ жұмысының негізі және оны нығайту жолдары» тақырыбында оқыту семинарларын өткізді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына арналған оқыту семинарының мақсаты - кәсіподақ активінің білімін арттыру, кәсіподақтарды күшейту, заң аясында жұмыс істеуге шақыру, есеп беру – сайлау науқанына дайындық жұмыстарын жүргізу.
Шараға білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының бас мамандары, Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, бастауыш ұйымдарының төрағалары, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қатысты.
Семинар барысында кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына көмек көрсетіліп, әдістемелік нұсқаулықтар үлестірілді.
Аумақтық ұйымның бас мамандары еңбек ұжымындағы өндірістік кеңес және техникалық инспектордың жұмысын ұйымдастыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарын дайындау және өткізу, ұйымның қаржы саясатын жүргізу бойынша дәріс оқыды. Ұйым заңгері еңбек даулары және оларды шешу жолдарына қатысты мәселелерге тоқталды.
Пікір алмасу форматында өткен семинар кезінде қатысушылар мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен бөлісті.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-