Қаратал ауданында Білім күні аталып өтті
Бүгін 1 қыркүйек күні Алматы облысы Қаратал ауданындағы орта мектептер мен арнайы оқу орындарында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, білім ошақтары елге есігін айқара ашты. Барлық жерде білім күніне орай салтанатты жиындар өтті.
Қаратал ауданы Ескелді би ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылындағы Лермонтов атындағы орта мектебінде өткен салтанатты жиынға білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыров, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Исабаев қатысты. Мерекелік шараны мектеп директоры Котова Людмила Индюновна ашып, жүргізді.
Аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Нұрсапаұлы салтанатты жиында мектеп ұстаздарын, оқушыларды және ата-аналарды білім күнімен құттықтап, ұстаздардың алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс және сәттілік тіледі. «Бүгінгі күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған балалардың өміріндегі ең маңызды сәт. Ертеңгі күні еліміздің тұтқасын ұстар мықты азамат болатындарыңа сенімдімін», - деп бірінші сынып оқушыларына ақ батасын берді.
Жиын барысында Қаратал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Асхат Жеңісұлы Лермонтов атындағы орта мектебінің ардагер ұстазы Мырзақанова Ләззат Әділханқызына білім саласындағы көп жылғы еңбегін бағалай келе, зейнеткерлікке шығуына байланысты алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлық табыстады.
Аумақтық ұйымның төрағасы С.Әбдіқадыров салтанатты жиын соңыннан Лермонтов және Р.Қошқарбаев атындағы орта мектептерінің еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіподақ мүшелерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.Сондай ақ, оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының
баспасөз қызметі
-
Фотографии
-