Текелі қаласында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы анықталды
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері Текелі қалалық кәсіподақ комитеті «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» іріктеу байқауын өткізді.
Шараның мақсаты- шығармашылық бағытта жұмыс жасайтын бастауыш кәсіподақ ұйымдарын анықтау, олардың жұмысын жандандыру, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтарын және кәсіби мүдделерін қорғау.
Байқау Текелі қаласындағы №5 орта мектебінде ұйымдастырылды. Оған мектептер, балабақшалар, қосымша білім беру мекемелері және колледждегі кәсіподақ өкілдері қатысты.
Жарысқа қатысушылар өздерін таныстырып, кәсіподақ ұйымына қажетті құжаттарды көрсетіп, атқарған жұмысына есеп беріп, тәжірбиелерімен бөлісіп, өзара бақ сынасты.
Алдын -ала тағайындалған әділқазы алқаларының шешімімен төмендегі бастауыш кәсіподақ ұйымдары иеленді:
ІІІ орын: № 5 орта мектебі (төрағасы Р.Т.Стамбекова).
ІІ орын: № 3 балабақшасы (төрағасы Г.Ж.Утегенова)
І орын: № 4 орта мектебі (төрағасы Л.К.Байтоғаева)
Шараны білім және ғылым қызметкерлері Текелі қалалық кәсіподағы комитетінің төрағасы Асан Тұрсынғалиев қорытындылап, жүлдегерлерге І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтар табыстап, белсенділік көрсеткен қатысушыларды қалалық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-