ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Ағымдағы жылдың 24 тамызы күні облыстық Кәсіподақтар үйінде 2010 – 2019 жаңа оқу жылы қарсаңында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ аймақтың осы саладағы белсенділерінің басқосуы болып өтті. Мәжілісте облыстық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты тақырыбында баяндама жасап, қоғам мен адам өмірінің барлық даму салаларында орын алып жатқан елеулі өзгерістер жағдайында білім беру саласында алда тұрған міндеттерді жүзеге асырудағы кәсіподақ ұйымының жұмысына тоқталды. Мектеп оқушыларының жан-жақты білім алуына жол ашатын жаңа білім беру бағдарламаларын мен тәсілдерін жете меңгеруіне педагогтардың қосып отырған еңбектері, сондай-ақ сол табысты жолда аянбай тер төгіп жүрген ұстаздардың шығармашылық іс-тәжірибелерін насихаттаудағы республикалық салалық «Ұстаздық еңбек» газетінің де үлесі атап өтілді. Мәжілісте білім беру саласы мекемелеріндегі барлық қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына ерекше көңіл бөлінуі керектігі айтылды.
Жыл қорытындысымен облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымының бір топ жетекшілеріне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» атты төсбелгісі мен «Құрмет грамотасы» табысталды.
Сандуғаш ҚАПСИХОВА