МІНДЕТ АЙҚЫН – ЖОЛ ОРТАҚ
Ағымдағы жылдың 20 тамызы күні Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы іс-сапармен Атырауда болып, бір топ кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және белсенділерімен кездесті. Бұл қосуда осы саланың республикадағы жетекшісі жуырда Астана қаласында өткен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің қорытындыларына тоқталды.
М.Т. Амантаеваның келесі көтерген мәселесі жоғарғы оқу орындарына жүктеліп отырған жауапкершілікке тоқтала келіп, болашақта жас мамандардың жұмысқа орналасуымен олардың деңгейін анықтауға болатындығын ескертті. ЖОО-ның аталған көрсеткіші төмен болған болса, заман талабына сәйкес ол мамандықтардың лецензиясы кері алынбақ. Биыл еліміз бойынша 17 мамандықтың күші тоқтатылғаны осының айғағы.
– Ендігі біздің ұйымның алдында тұрған міндеттің бірі – есеп-беру сайлау жиналыстарын ұйымшылдықпен және жоғары дәрежеде өткізу. Бұл бағытта сіздерде бірқатар семинар, кеңестер ұйымдастырылғаны мені қуантады, бірақ әр ұйымда беркітілген жоспарға сай өтуін қатаң қадағалауларыңыз керек. Ұйым есебінде тұрған әрбір кәсіподақ мүшесінің қолайлы еңбек етуі үшін олардың мұң-мұқтажын, ұсыныс-тілектерін ескеру керек. Талап қоя білуді үйренуге тиіссіздер, жоғарғы буындарға айтар ойларыңызды, талаптарыңызды уақтылы жеткізіңдер. Біз сол тапсырмаларды жүзеге асыруға әрқашанда дайынбыз».
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы аймақта өріс алған республикалық «Мектепке жол» акциясының жүру барысы туралы әр филиал жетекшілерінің есебін тыңдап, қолдау білдірді. Сондай-ақ, бұл қосуға қатысқандар еңбекке ақы төлеу, еңбек заңдылықтарының орындалысы туралы бірқатар сұрақтар төңірігенде орнықты жауаптар алды.
Қылышбай ҚҰЛЖАНОВ