Талдықорған аумақтық ұйымы жаңа оқу жылы қарсаңында міндеттерін айқындады
Бүгін Алматы облысы білім басқармасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі аясында білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымы секциялық отырысын ұйымдастырды.
Оған аумақтық ұйымының аппарат қызметкерлері, аудандық, қалалық және білім беру мекемелеріндегі кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.
Жиынды Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров жүргізіп, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде қоғамдық бірлестіктің 2018-2019 оқу жылындағы мақсаттарын белгіледі.
Сонымен қатар, аумақтық ұйымның бас мамандары ұжымдық шарт және әлеуметтік әріптестік бойынша келісім талаптарының орындалуы, ұстаздардың құқығын қорғау, кәсіподақ белсенділерін оқыту, есеп беру-сайлау науқанын өткізу сынды жұмыстарға тоқталып, әдістелік көмек көрсетті.
Шара соңында кәсіподақ комитеттерінің төрағалары өз ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.
Түс ауа, кәсіподақ белсенділері Алматы облыстық білім басқармасының тамыз кеңесі пленарлық отырысына қатысты.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағы Талдықорған
аумақтық ұйымының баспасөз қызметі