Мекемелердің оқу жылына дайындығы пысықталды
Адамзат баласы ең алдымен бала тәрбиесіне, одан кейін білім алуына ерекше мән беруі тиіс. Оқушы отбасында көрген тәрбиесін мектеп қабырғасындағы ұстаздардың бағыт-бағдарымен толықтыра түсіп, болашақта сенім артар азаматқа айналары анық.
Ал, білім ордалары жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізіп, сапалы білім беруге әзір.
Атап айтсақ, Алматы облысына қарасты Көксу аудандық білім бөлімі ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 млн. теңгеден астам қаржы бөліп, 816 қызметкерді жұмылдырған. Бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуін және мақсатты жұмсалуын қадағалау үшін аудандық білім бөлімі және кәсіподақ өкілдері мектептерді аралады.
Алғашқылардың бірі болып, Теректі ауылындағы Т.Исабаев атындағы орта мектебіне білім және ғылым қызметкерлері Көксу аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Дина Нүсіпова барды.
Білім ошағының 2018-2019 оқу жылына дайындығымен танысып, оқу кабинеттері толық ағартылғандығына көз жеткізді. Сонымен қатар, 10 күндік бастауыш сынып оқушыларына арналған «Жазғы мектеп» сауат ашу науқанына қатысушылармен жүздесті.
Т.Исабаев атындағы орта мектептің директоры Айгүл Айтқұлова шараның өзектіліне тоқталып, жалпы білім мекемесінде 166 оқушы барын, 32 мұғалім жұмыс істейтіндігін айтты.
Шағын мекеменің жұмысымен танысқан кәсіподақ төрағасы Дина Шаяхметқызы мектеп басшысына қыстық науқанға дайындық жүргізу керектігін баса айтты.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағы Талдықорған
аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-