Жаркент өңірінде жаңа мектеп бой көтеруде
Панфилов ауданындағы Үлкеншыған орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен бастағалы отыр. Осыған дейін оқушылар санының көптігіне байланысты мектеп 3 ауысымда оқыған болатын. Бұл мәселе облыс, аудан көлемінде қаралып, өз шешімін тапты. Қазіргі уақытта мектепке 300 орынды жапсаржай құрылысы жүргізілуде.
Осы ретте, білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы құрылыс барысымен танысты.
Үлкеншыған орта мектебінің директоры Бақыт Дүйсембаев өзі басқарып отырған мекеменің тыныс-тіршілігінмен таныстырып, былтырғы жылдың тамыз айында басталған мектептің құрылысы 2018 жылдың тамызында аяқталып, жаңа оқу жылында қолданысқа берілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, ғимараттың құны - 944 миллионнан астам теңгені құрайтындығын, құрылысты «Болашақ МА» ЖШС жүргізіп жатқандығын және онда 103 адам жұмыспен қамтылғандығын айтты.
Ғимаратты аралаған кәсіподақ басшысы Мақытбек Тұрлыбеков ел игілігіне салынып жатқан мектепке көңілі толғандығын, ұстаздардың алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасалу керектігін баса айтып, мекеме басшысы мен кәсіподақ ұйымының төрағасына нысанның құрылысы жаңа оқу жылына дейін толық және сапалы аяқталуын қадағалауды тапсырды.
Жансая КЕНЖЕБЕК,Білім және ғылым қызметкерлері
Панфилов аудандық кәсіподақкомитетінің маманы
-
Фотографии
-