АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық ұйымның Атқару комитетінің отырысы өтті. Алқалы жиынға аудандық филиал жетекшілері мен құқықтық инспекторлар, кәсіподақ бағынысындағы шағын мекемелердің басшылары мен комитет мүшелері қатысты.
Мойынқұм ауданында өткен Атқару комитетінің көшпелі отырысында алғашқы болып Мойынқұм аудандық филиалының жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссияларының қызметін ұйымдастыру жұмысының тәжірибесі қаралды. Күн тәртібіне сәйкес екінші болып Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің сала қызметкерлерін кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруды қамтамасыз ету жұмыстары туралы университеттің кәсіподақ төрағасы Абай Ізтілеуов баяндады. Келесі болып сөз алған төраға орынбасары Берік Баймағамбетов кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымы аппаратының жұмыс тәртібі туралы ақпарат беріп өтті. Ақпаратқа сай Атқару комитеті «Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының Құрмет грамотасын» беру тәртібі мен «Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының жұмыс регламентін» бекітті.
Келесі болып Атқару комитетінің мүшелері Кәсіподақтың аймақтық құқықтық еңбек инспекторлары - Ғазиз Оспановтың және Әділ Смағұловтың есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстарының есептерін тыңдады. Тараз қаласы бойынша аймақтық құқықтық инспектор Ғазиз Оспанов есепті мерзімде барлығы 78 тексеріс жүргізіп, барлығы 64 заңбұзушылық анықтаған. Тексерулер барысында Тараз қаласы мектептерінде бастауыш сынып мұғалімдеріне дәптер тексергені үшін қосымша ақы төлеуде кемшіліктер анықталған. Бұл мәселе бойынша 2017 жылда келтірілген экономикалық эффект 22165 536 теңгені құраған. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне айлық тарифтік ставкалары жұмыс стажының көбейген күнінен бастап өзгерту жүргізіледі. Аталған норма бұзыла отырып, қызметкерлердің тарифтік ставкалары келесі тарифтік тізімнің бекітілген күнінен бастап өзгертілетіні жоспарлы тексерулер барысында анықталған. Сондай-ақ, тексерулер барысында уақытша болмаған қызметкерлердің міндетін атқарғаны үшін еңбекақы кем төленгені анықталған. Есепті мерзімде 4 қызметкер жұмысқа қайта орналастырылған. 2017 күнтізбелік жылда барлық тексерулердің, ұсыныстардың, келіссөздердің қорытындысы бойынша Кәсіподақтың Тараз қаласы бойынша құқықтық инспекторы 23557 446 теңге көлемінде кәсіподақ мүшелерінің пайдасына экономикалық эффект келтірген.
Ал, Талас ауданы бойынша құқықтық инспектор Әділ Смағұлов тарапынан ҚР Еңбек заңдылығының, салалық заңнамалар мен әлеуметтік әріптестік актілерінің орындалуын қоғамдық бақылау бойынша Талас ауданы бойынша білім беру мекемелерінде 78 тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 380 құқық бұзушылық анықталған. Құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі, яғни, 147 еңбек қатынастарын рәсімдеуде анықталған. Жұмыскерге еңбек ақы төлеу сұрақтары бойынша 52 құқық бұзушылық анықталған. Атап айтқанда еңбекке жарамсыз парағында болған уақыттағы әлеуметтік жәрдем ақының дұрыс төленбеуі, қызметкердің орнын алмастыру кезіндегі төлемақының дұрыс төленбегені, іс сапар шығындарының өтелуі, сауықтыру жәрдем ақыларының берілмеуі сынды құқық бұзушылықтар орын алған.
Тексеру бойынша, анықталған заң бұзушылықтар туралы жұмыс берушіге жасалған тоқтамдар саны 84, тоқтамдарға алынған жауаптар саны 81. Келіп түскен арыз-шағымдар және де тексеру қортындысы негізінде кәсіподақ мүшелеріне берілген экономикалық әсер мөлшері 2017 жылы - 257 391 теңгені құраса, 2018 жылдың 5 айында 48003 158 теңгені құрап отыр.
Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының Атқару комитеті инспекторлардың есептерін тыңдай келе аймақтық құқықтық инспекторлардың еңбек заңдылығына қоғамдық бақылау бөлігіндегі қызметтерін бақылауды жүргізіп, әр тоқсан сайын инспекторлардың жұмысы сарапталып, ұйымдық сипаттағы ұсыныстар әзірленіп отырсын деген мазмұндағы қаулы қабылдады.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-