Бәсекеге қабілетті кәсіподақ ұйымын тиімді басқару жолдары
Биылғы жылдың 25-26 шілде күндері Қызылорда облысы Арал ауданы «Қамбаш» балалар демалыс орталығында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының іс-жоспарына сәйкес«Бәсекеге қабілетті кәсіподақ ұйымын тиімді басқару жолдары»тақырыбында жаңадан сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған семинар өтті.
Семинарда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова Елбасының әлеуметтік мемлекеттің кепіліне айналған бес бастама төңірегінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына баяндады. Райкүл Мансүрқызы қазіргі кәсіподақ қозғалысындағы ҚР кәсіподақтар Федерациясының 2018-2019 жж арналған жаңғырту Жол картасы, Кәсіподақ Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу, 2018-2020 жж арналған салалық келісім, кәсіподақтың жұмысын ақпараттандыру туралы толық мәліметтер берді.
Қызылорда облысы еңбек басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспекторы Б.ДосымовҚР Еңбек кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар және Кодекс нормаларының қолданылуы, азаматтық қызметшілердің еңбек қатынастарындағы ерекшеліктерітақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағаларыбілім беру ұйымдарында еңбек қатынастарын реттеуде ұжымдық шарттың атқаратын рөлі, жеке еңбек даулары, оларды шешу тәртібі, кәсіподақтың жұмысын жоспарлаужөнінде ақпараттар берді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Г.Ескалиева кәсіподақ ұйымындарының құжаттық қорымен, номенклатураны жүргізу және істі қалыптастыру, кәсіподақ жұмысының жаңа түрлері мен әдістерінбаяндап түсіндірсе, заңгер Е.Жұбатқановұжымдағы келісім комиссиялар мен техникалық инспекторлардың жұмыс жоспарларыментаныстырды.Кәсіподақ ұйымындағы жастар комиссияларының жұмыстарынаоблыстық жастар кеңесінің төрайымы Өміртайқызы Арайлым тоқталып өтті.
Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті кәсіподақ ұйымын тиімді басқару мақсатында кәсіподақ имиджін арттыруға, активтің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, қоғамдық жұмыстарға жастарды жаппай тартуға, олардан кәсіподақ кадрлық резервін құру бағытында тренинг, коучинг өткізілді. Семинарға қатысушы бастауыш ұйым төрағалары арнайы мамандарға өз сауалдарын қойып көптеген сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары
Гүлнар Ескалиева
-
Фотографии
-