КӘСІПОДАҚ АКТИВІ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жамбыл облысына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Кеңес Ғарапұлы Абсатиров облыстық кәсіподақ активімен кездесті. Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығында өткен жиынға салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, «Ақжол» партиясының облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Жиынды кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген ашып, жүргізіп отырды. Жиын мақсаты - Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіндегі ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарын насихаттау болып табылды.
Жиын барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Ғарапұлы елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың барлығы ел болашағы үшін өзекті болып табылатынын, жүзеге асырылатын бастамалар еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілетін арттыра түсуі тиіс екендігін жеткізді.
Кездесу соңында Кеңес Ғарапұлы ойлы ұсыныстар айтып, қызықты пікір алмасулар өткізген кәсіподақ активіне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-