Ақтауда жанған ақ арман
2018 жылдың 15-19 шілде аралығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында «Кәсіподақ жастар қозғалысы - рухани жаңғыру мен өрлеу жолында» атты жас ұстаздардың жазғы лагері болып өтті. Аталмыш шараға Қызылорда облысынан Өміртай Арайлым, Қуанышов Еркін және Оңдашов Нұржан барып тәжірибе алмасып келдік. Лагерь өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстандық білім және ғылым қызыметкерлері кәсіподағының төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы және де барша ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, рахметімізді өлең жолымен түйіндейміз!
Бір ауыздан жинаған жиынына,
Қарамаған ешқандай қиынына.
Жасап берген лагерді жас ұстазға,
Көп рахмет кәсіподақ ұйымына.
Кәсіподақ мен үшін мақтаудасың,
Мұғалімнің құқығын сақтаудасың.
Кең пейілмен қарсы алған барша жұртты,
Алғысымыз шексіз Ақтауға шын.
Алдымызда алар талай асқардың,
Біз болмасақ болашаққа бастар кім.
Осы лагерь дәлелдеді тағыда,
Кәсіподақ жанашыры жастардың!
Қызылорда жас ұстаздары
-
Фотографии
-