Панфилов ауданында жазғы лагерь маусымы ашылды
Жаз маусымы басталысымен демалыс орындары мен балалар лагерлері өз жұмыстарын бастады. 6 маусым күні Панфилов ауданы Жаркент қаласы сыртындағы «Қарлығаш» сауықтыру лагері алғашқы демалушыларды қабылдап, маусымының ашылу салтанатын өткізді.
Жазғы лагердің ашылуына байланысты жиынға Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Роза Мағрупова, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков, аудандық білім бөлімінің әдіскері Анар Жақсылыққызы қатысты.
Бір қатарға сап түзеп, жүздері бал-бұл жанған балғындар өздерінің топтарын таныстырып, әндерін айтты. Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Роза Азаматқызы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы, «Қарлығаш» лагерінің директоры Сержан Закенұлы балаларды жазғы маусымның ашылуымен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді.
Қонақтар назарына демалушы оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Соңынан қонақтар лагерді аралап, балалардың жағдайымен танысып, тілдесті.
Айта кететіні, аудандық білім бөлімінің мәліметінше биылғы жылы ауданда барлығы 900 астам бала жазғы лагерлерде демалады. Ал «Қарлығаш» демалыс орны бір аусымда 200 баланы қабылдай алады.
ЖАНСАЯ КЕНЖЕБЕК,Алматы облысы,
Панфилов аудандық кәсіподақкомитетінің маманы
-
Фотографии
-