КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСШЫ ҚОРҒАНЫ МА?
Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымы Талас аудандық комитетінің ұйымдастыруымен ауданның білім саласы мекемелері кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен «Кәсіподақ қоғамы жұмысшы қорғаны ма?» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Шараны құттықтау сөз сөйлеп ашқан аудандық комитет төрағасы Мадиярбек Миралиев жиналғандарды мереке тарихымен таныстырып, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпір – қәсіподақтардың ерекше рөлі туралы айтып, барша қауымның жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиын барысында кәсіподақтың құқықтық еңбек инспекторы Әділ Смағұлов еңбек заңнамасына байланысты сұрақ-жауап сағатын өткізіп, бірқатар азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, кәсіподақтың дамуына қосқан жеке үлесі үшін «Қарлығаш» балабақшасының медбикесі П.Сейдуанова, «Мирас» балабақшасының тәрбиешісі Л.Сүлейменова, Алғабас орта мектебінің әскери дайындық пәнінің мұғалімі Р.Нұрымов, А.Дәулетбеков атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі А.Ермекбаев, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Н.Қибаевтар Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық марапатталғандар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары екенін атап өткен жөн.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-