МОЙЫНҚҰМДАҒЫ МЕРЕКЕ
Мереке күні Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымы Мойынқұм аудандық комитеті «Кәсіподақтың бүгінгі рөлі» тақырыбында аудандық кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Аудандық комитет төрағасы Бахтияр Махамедов алғы сөзінде кәсіподақ белсенділерін Қазақстан кәсіподақтары күнімен құттықтап, болашақта рухани жаңғыру жолындағы Қазақстанның әрбір азаматы алға қойған үлкен мақсаттар мен жауапты міндеттерді орындауда белсенділік танытатынына сенім білдірді. Кәсіподақ заңгері Елдос Ерғабылұлы еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің атқаратын ролі, еңбек заңдылықтарының орындалуы, педагогикалық кадрларды аттестаттау сұрақтарына жауап беріп, заң кеңестерін берді.
Шара соңында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының облыстық ұйымы мен аудандық комитеттің Құрмет грамотасымен бірқатар кәсіподақ мүшелері марапатталды.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-