«Туризм -2018» жарысы өз мәресіне жетті
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы және Алматы облысының туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Туризм-2018» спорттық жарысының қорытындысы шығарылды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров, аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Қыдырманов, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Оразбаев жеңімпаз командаларға арнайы сертификаттар, дипломдар мен және ақшалай сыйлықтар табыстады.
Жалпы командалық есепте I орынды Текелі қаласының тобы иеленді.Ескелді ауданы мен Талдықорған қаласының командалары өзара II және III орындарды бөлісті.
Сонымен қатар, «Кросс–саяхат», «Фотосуреттер», «Қабырға газеті» байқауларының жеңімпаздары анықталды.
Үш күнге созылған бұл жарысспорттың, денсаулықтың нағыз мерекесі болды. Ұстаздар шаттық сезіммен, көтеріңкікөңіл-күймен тарасты.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-