БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНДА КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ «КӘСІПОДАҚ КҮШІ – БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТКІЗІЛДІ
Орал қаласында 2018 жылдың 8 маусым күні Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп – интернат кешенінде «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары» күніне орай «Кәсіподақ күші-бірлікте» тақырыбында Жастар Кеңесінің қатысуымен дөңгелек үстел оздырылды.
Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев, бас маман Марина Темиргалиева, заңгер Гүлжанат Құрманғазиева және аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен Жастар Кеңесінің мүшелері қатысты.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев алғы сөзінде, кәсіподақ белсенділерін Қазақстан Кәсіподақтар күнімен құттықтап, болашақта рухани жаңғыру жолындағы Қазақстанның әрбір жас буыны алға қойған үлкен мақсаттар мен жауапты міндеттерді орындауда белсенділік танытуына сенім білдірді. Құрамында 37000-нан астам мүшесі бар облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподағының белсенді жастарының кәсіподақ жұмысын дамытуға өз үлестерін қосуының маңыздылығын айтып өтті.
Дөңгелек үстелінің бағдарламасы бойынша «Кәсіподақ өміріне студент жастарды тарту жұмыстарының жүргізілуі» тақырыбында Алмаз Қабдешев (М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттік бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі), «Білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ жастарының ролі» тақырыбында Жансая Оразбаева (Ақсай қаласының № 7 «Айналайын» бөбекжайының педагог – психологі), «Қазіргі қоғамдағы кәсіподақ жастарының келешегі» тақырыбында Нурбол Хамзин (Тереңкөл орта ЖББМ математика пәнінің мұғалімі), «Кәсіподақ жастары – салауатты өмір салтын таңдайды» тақырыбында Жарқын Тайшыбаев (№14 ЖОББМ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі), «Кәсіподақ жастарының қоғамдық белсенділігін арттыру, белсенді жастар заман талабы» тақырыбында Индира Бадакова («Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚОПҚБАИ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы) баяндама жасады.
Жастар Кеңесінің төрайымы И.М. Бадакова өз баяндамасында «Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Біздің тарихымыз – бірігудің тарихы екенін әрдайым есте сақтау керек. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу» - деп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға сенім артып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, болашақта белсенді жастармен жүргізілетін жұмыстар бағытын таныстырып, кеңес мүшелерінің әр ұжымдардағы кәсіподақ ұйымының бастамасымен өткізілетін іс – шаралардың баспасөз беттерінде жариялануын қолға алуды ұсынды.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы Марина Темиргалиева жас кәсіподақ белсенділерінің «Кәсіподақ күші – бірлікте!» дөңгелек үстелін қорытындылай келе, барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, осындай іс – шаралардың жиі өткізілуі кәсіподақ жастарының бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ мәселелерді айқындап, талқылауға және бірлесе отырып олардың шешу жолдарын табуға септігін тигізетінін баяндады.
Батыс Қазақстан облыстық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы
-
Фотографии
-