Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай ІІ форум өткізілді
Ағымдағы жылдың 8 маусым күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Кәсіподақ қызметін жаңғырту – уақыт талабы» тақырыбында облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ІІ Форумы ұйымдастырылды. Облыстың түкпір түкпірінен келген кәсіподақ мүшелерінің басын қосқан Форумға Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының төраға орынбасары Марат Тоқжанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов, облыстық маслихат хатшысы Мәлік Құлшар, әлеуметтік әріптестер, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері және кәсіподақ жетекшілері мен белсенділері қатынасты.
300-ден астам адамның басын қосқан жиынға арнайы келген Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының төраға орынбасары Марат Тоқжанов қатысушыларға құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін арнап, бүгінгі күнгі Кәсіподақ ұйымдарын жаңғырту саласындағы жүйелі жұмыстары мен жоспарлары бойынша кеңінен мағлұмат берді.
Сондай – ақ, жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов жиынға қатысушыларды кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтады және облыстағы кәсіподақ ұйымдарының аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қосқан үлестері зор екендігін атап өтті.
Форум бағдарламасы бойынша Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Ербол Салықов баяндама жасап, облыстың салалық кәсіподақтары, бастауыш ұйымдарының және «Келешек» Жастар қанатының төрағаларының атқарылып жатырған жұмыстарымен таныстырып, алдағы міндеттері жөнінде ой-пікірлерін білдірді. Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев кәсіподақ саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, форумға қатысушы кәсіподақ белсенділерін мерекелерімен құттықтады.
Жиында аймақтың кәсіподақ қозғалысының дамуы жолында ұзақ жылдар еңбек етіп, зор үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетіліп, кәсіподақ ұйымдарында белсенді қызмет еткен білім саласының кәсіподақ белсенділері Орталық Комитеттің «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен: Сатыбалды Бекбаев (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы), Хамбар Сармалаев (Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығы, қосымша білім беру педагогы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы), Вадим Болдырев (Жаратылыстану – математикалық бағыттағы №28 мектеп – лицейінің директоры), Акку Нургалиева (Жәнібек аудандық білім беру бөлімі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы), Умит Утебаева (Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі, әдіскер, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы), Мурат Абуев (Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, дене шынықтыру және емдік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы), Құрмет грамоталарымен: Улдай Сарсенова (Теректі аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы), Жумагыз Мухамбетова (Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының қазынашысы), Каким Давлетов (Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы) және Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ аппаратының бас мамандары Батыс Қазақстан облыс әкімінің алғыс хаты және Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен Марина Темиргалиева, Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының Алғыс хатымен Гүлжанат Курмангазиева марапатталды.
Облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Форумы кәсіподақтар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫ
-
Фотографии
-