Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымының 10 маусым – Кәсіподақ қызметкерлері күніне орай өткізілген шара
Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымы Кәсіподақтар күніне орай, «Грант-Ай» мейрамханысында мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік кешке барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары мен төрайымдары және еңбек ардагерлері толық қатыстырылды. Бұл шараны аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Ақмоншақ Ахметқызы Кашиеваның құттықтау сөзімен жалғасын тапты.
Барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдарына ынталандыру сыйлықтары ұсынылды және облыстық кәсіподағы ұйымының дипломдарымен марапатталды.
Ауданның белгілі өнерлі ұстазы Ыбрай Нұрзада Көмекқызы және «Керуен» тобының бишілері өздерінің сазды сәлемдерін жолдап, кештің жақсы өтуіне өз үлестерін қосты.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық
білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіподақ ұйымының төрайымы Р. Текеева
-
Фотографии
-