Бала денсаулығы кәсіподақ назарында
10 маусым күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы Л.Сағынғалиқызы Панфилов ауданында орналасқан «Көктал Арасан» балалар сауықтыру – емдеу кешенінде болып қайтты.
Іссапар мақсаты – осыдан бір апта бұрын, яғни 3 маусым күні аталмыш шипажайға жіберілген 100 баланың жағдайымен танысу.
Сапар барысында Талдықорған аумақтық ұйымның қызметкері Ляйля Сағынғалиқызы, Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы балалармен жүздесіп, жазғы демалыс жайлы пікір алмасып, асхана, жатын бөлмелерін көріп шықты. Балалар жазғы демалысын табиғат аясында өткізіп жатқандықтарына, көрсетілетін қызмет түрлеріне қатысты ойларын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Айта кететіні, жазғы демалыс кезінде Талдықорған аумақтық ұйымы осы сауықтыру кешенінде тағы 100 баланы сауықтырады. Екінші аусымда Ескелді, Кербұлақ, Қаратал, Көксу ауданы мен Талдықорған қаласы білім саласы қызметкерлерінің балалары демалады.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-